“АМУ” КеАҚ-дағы академиялық ұтқырлық

“АМУ” КеАҚ-дағы академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық – бұл жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына белгілі бір уақыт аралығында өз елінің шегінде немесе сыртында басқа білім беру немесе ғылыми мекемеге оқуға немесе оқытуға мүмкіндік.

16.10.2023 – 30.10.2023 уақыт аралығына дейін Д. М.Түсіпова атындағы Педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының резидент-неонатологы А. Н. Ержанова  КЕАҚ “Астана медицина университеті” неонатология кафедрасында “Стационардағы неонатология-1” циклінде академиялық ұтқырлық бойынша оқудан өтті. Оқыту ШЖҚ “№2 көпбейінді қалалық аурухана МКҚ ” базасында акушерлік корпуста перзентхана блогында және жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бөлімшесінде өтті. Жаңа туған нәрестелерді реанимациялаудың практикалық дағдыларын үйрендім, тақырыптық жоспарға сәйкес теориялық сабақтарға қатыстым, перзентханада неонатолог-дәрігерлермен және ана мен бала бірге болатын босанғаннан кейінгі бөлімде кезекшілік еттім. Оқу барысында ҚР ДСМ бас штаттан тыс неонатологы, “Қазақстанның акушер-гинекологтары мен неонатологтарының конгресі” қоғамдық қорының басшысы Карин Бектұрған Тынымбайұлының жетекшілігімен кафедрада офлайн сабақтарға, “Журнал клубының”, “Перинаталдық өлімнің құпия аудитінің” онлайн сессияларына және неонаталдық медбикелердің онлайн сессияларына қатыстым. Сондай-ақ, КЕАҚ “МУА” неонатология кафедрасының меңгерушісі, профессор К. К. Джақсалықова “Жаңа туған нәрестелерді парентеральды тамақтандыру” семинарына қатыстым. Академиялық ұтқырлық барысында 2023 жылғы 19-21 қазан аралығында “Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар” Х конгресіне қатысып, АҚШ, Канада, Ресейден келген шетелдік әріптестердің қызықты баяндамаларын тыңдадым.

КЕАҚ “МУА” неонатология кафедрасына, КЕАҚ “МУА” неонатология кафедрасының меңгерушісі, профессор Күләш Қалиқанқызы Джақсалықова, кафедра ассистенті Роза Болатханқызы Нұртаеваға, неонатолог-дәрігерлерге және аурухананың барлық қызметкерлеріне жылы қабылдағаны үшін алғысымды білдіремін.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы білім мен баға жетпес тәжірибе алуға, көкжиекті кеңейтуге, жаңа таныстар және достар табуға мүмкіндік берді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқушылар