15-17 қараша Астана қаласында ҚР Тәуелсіздік күніне орай Медицина қызметкерлері арасындағы футзалдан Қазақстан Чемпионаты өтті!
Тартысты додада Абай облысының намысын қорғап барған “SemeyMed” командасы Суперкубок иегері атанды!
Команда құрамында КеАҚ “Семей медицина университетінің” бірқатар оқытушылары және студенттері өнер көрсетті. Атап айтсақ, М.ғ.д., профессор Ю. В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының ассистенті- Төлегенов Мерей Мұратұлы, Стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасының ассистенті- Өртбаев Ернұр Ерланұлы, “Анестезиология” мамандығының дәрігер-резиденті- Маукенов Нұржан және Стоматология мамандығының студенттері – Надирбеков Рахат және Серік Ильяс.
Салауатты өмір салтын насихаттап, облысымыздың, университетіміздің намысын қорғап жүрген спортшы-дәрігерлерімізді құттықтай отырып,алдағы уақытта толағай жеңістер тілейміз!