2023 жылғы 22 қарашада Өскемен қаласының жетекші невропатологы Ан Лариса Константиновна қатысуымен “Гипертониямен ауыратын науқастардағы когнитивті бұзылулар мен тамырлық катастрофа мәселесіне көпсалалы көзқарас”тақырыбында леция өтті. Аталған лекцияға невропатологтар, терапевттер, педиатрлар, ЖТД дәрігерлері, сондай-ақ куратор Ш. Д. Енсибаевамен бірге Өскемен филиалының Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының 733 ЖТД кураторлық тобы,сонымен қатар 734-735 ЖТД топтары қатысты. Лекция барысында когнитивті бұзылыстардың өзекті мәселелері мен емдеу әдістері және оның профилактикасы талқыланды.
Когнитивті бұзылулар (КН) қазіргі медицинадағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мамандардың болжауынша, 2030 жылға қарай деменциямен ауыратын адамдардың саны екі есеге, ал 2050 жылға қарай үш есеге артып, 130 миллионнан астам адамды құрайды. Деменциямен ауыратын науқастар айтарлықтай шығындарды талап етеді және олардың одан әрі өсу үрдісі байқалады.[/vc_column_text]