Ішкі аурулар және ревматология кафедрасында 2023 жылдың 21 қарашасында «Нефрология» модулі бойынша («Клиникадағы несеп-жыныс жүйесі» комитти, 4 курс) ашық сабақ өтті. Кафедра ассистенті, PhD Кожахметова Д.К. SP технологиясымен сабақты жүргізді (стандартталған науқасты тексеру). Технология кафедрада бұрыннан қолданылып келеді, барлық оқытушылар SP қолдану кезінде оқу процесін жеңілдету дағдыларына ие. Сабақ барысында созылмалы бүйрек ауруы диагнозы қойылған науқастың жағдайы талқыланды. Студенттер өздері SP, «Дәрігер» және «Сарапшы (эксперт)» ретінде әрекет етті. Дәстүр бойынша сабақты бағалау көп компонентті болды. Біріншіден, «дәрігерлердің» дағдыларын бағалау үшін бақылау парағы пайдаланылды. Оны «сарапшылар» толтырды. Екіншіден, «дәрігерлер» дағдыларының сапасы туралы SP және оқытушыдан кері байланыс алынды. Барлық студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, сабақ соңында оң пікірлерін білдірді. Кафедрамыздың тәжірибесі көрсеткендей, клиникаға дейінгі кезеңінде «имитацияланған (стандартталған) пациенттерді» оқыту үдерісіне тарту материалды түсінуді арттырады және нақты пациенттермен қарым-қатынасты жеңілдетеді. Сабаққа кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Қасқабаева А.Ш., ассистент, м.ғ.к. Ботабаева А.С. қатысты. Мониторинг патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының ассистенті, Семей медицина университетінің Академиялық сапа кеңесінің мүшесі, м.ғ.к. А.А. Жакиповамен жүргізілді. Мониторинг нәтижелері бойынша ескертулер болған жоқ.
Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы[/vc_column_text]