2023 жылдың 19 қараша күні Семей қаласының қалалық мәдениет сарайында көңілді және тапқырлар клубының қалалық чемпионаты өтті. «Семей медицина университеті» КеАҚ «Қыздарский» КТК командасы мықты командалармен жарысып, чемпион атанып, алтын медальға ие болды. Финалда біздің команда Республикалық ойындарда Семей қаласының намысын қорғаған «Шатыр», «Әуезов құрамасы», «Шұғылбай құрамасы» сияқты тәжірибелі қарсыластарымен күресті.
«СМУ» КеАҚ @smu.internationals шетелдік білім алушылармен жұмыс мектебінің студенттеріне алғысымызды білдіреміз, олар команданы қолдап және жеңіске жету үшін өз үлестерін қосты.
Маусымды қорытындылай келе, 2023 жылдың ақпан айында құрылған «Қыздарский» КТК командасы «Ертіс Номад» қалалық және Республикалық лигасында өнер көрсетіп, ең жақсы нәтижеге ие болды.
Университет басшылығына және оқытушылар құрамына команданы қолдағаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Келесі маусымда команда Республикалық жоғары лигаға және халықаралық КТК ойындарына қатысады. Сіздерге сәттілік, шығармашылық шабыт және жаңа жеңістер тілейміз![/vc_column_text]
[ultimate_video u_video_url=”https://www.youtube.com/watch?v=7jz6Wyd6l2o” yt_autoplay=”” yt_sugg_video=”” yt_mute_control=”” yt_modest_branding=”” yt_privacy_mode=”” default_thumb=”hqdefault” play_size=”75″ hover_animation=”float” enable_sub_bar=””][/vc_column][/vc_row]