Вейп: оның адам денсаулығына әсері

Вейп: оның адам денсаулығына әсері

2023 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы Т.Қ. Ғалымбеков Д.Ж. «Медицина», «Педиатрия» мамандықтарының 1 курс студенттеріне «Вейп және оның адам денсаулығына әсері» тақырыбында дәріс түрінде оқу-тәрбие жұмысын жүргізді. Жастар арасында адам денсаулығына электронды темекінің зияны, және өз денсаулығына қатысты құндылық көзқарасын қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

Заманауи медициналық және социологиялық зерттеулер қарапайыс және электронды темекілерді пайдалану кезінде адамдардың денсаулығының нашарлауын көрсетеді. Күн сайын қала көшелерінде арнайы құрылғыларды пайдаланып, көп мөлшерде түтін шығаратын адамдарды көреміз. Вейпинг – жастар арасындағы жаңа тенденция, электронды темекіні шегушілер топтарға бірігеді, күн сайын жаңа дизайнға және жаңа хош иісті қасиеттерге ие (шие, жалбыз, алма, лимон, кофе және т.б.) электронды темекі құрылғылары көбеюде. Құрылғылар ұзын безендірілген металл цилиндрлері бар шағын қораптарға ұқсайды, тіпті эксклюзивті дизайнға ие болуы мүмкін. Ірі қалаларда вейп-кафелер ашылуда, вейп-фестивальдар мен байқаулар өтуде. Темекі шегушілер электронды құрылғыларды қарапайым темекіні шегуге қарағанда мүлдем қауіпсіз еліктеу деп санайды, бірақ әртүрлі дереккөздер электронды темекі шегудің зияны қарапайым темекі шегуден келетін зиянмен салыстырылатыны туралы материалдар жариялауда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) электронды темекілерді никотинді электронды жеткізу жүйелері ретінде жіктейді және олардың никотинге тәуелділікті емдеу ретінде қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты жеткілікті түрде зерттелмегенін атап өтуде. Әрбір электронды құрылғыларды шегетін адам темекі шегудің денсаулыққа зиянды екенін білуі және есінде сақтауы керек.

Қазақстанда 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 9,8%-ы электронды темекіні/вейпті үнемі пайдаланады. Күйік пен түтіннің иісі болмағандықтан, ата-аналар балаларында никотинге тәуелділіктің дамуы туралы ұзақ уақыт білмей жүреді. Дания, Норвегия, Уругвай, Аргентина, Панама, Гонконг, Сингапур сияқты мемлекеттерде вейптердің айналымына тыйым салынған.

Кафедра оқытушысы, лектор Ғалымбеков Д.Ж.,  студенттерге электронды темекі, оның түрлері, электронды темекінің әсер ету механизмі, ағзаға зияны мен салдары туралы айтып берді. Баяндамадан кейін кафедра оқытушысы, мамандығы бойынша онколог-маммолог дәрігер Есентаева А.М., студенттерге электронды темекінің зияндылығы туралы канцерогенез тұрғысынан түсіндіріп берді. Дәріс студенттерге өте ұнады, баяндама соңында студенттер өз пікірлерімен бөлісті, сұрақтар қойды, оқытушы олардың әрқайсысына сәйкес жауап берді. Дәріс соңында оқытушы, Ғалымбеков Д.Ж. әңгіме барысында белсенділік танытып, пікір алмасып тыңдаған барлық студенттерге өз алғысын білдірді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]