АИТВ инфекциясын алдын алу

АИТВ инфекциясын алдын алу

22.11.2023ж Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасында оқытушылар Абдрахманова Г.Ж., Козубаева Д.Б., Кудайбергенова Н.К. жетекшілігімен 5309 ЖМ, 5104 ЖМ және 2431, 3405 ПЕДИАТРИЯ студенттері арасында «АИТВ-инфекциясының алдын алу» университетішілік олимпиадаға қатысу үшін «ИММУНОЛОГИЯ» пәнінен үздік бейнероликке конкурстық іріктеу кезеңі өткізілді.

Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) – ағзаның иммундық жүйесін зақымдайтын инфекция. Иммунитет тапшылығы – ағзаның әртүрлі инфекцияларға қарсы тұра алмайтын жағдайы. АИТВ адам ағзасында өмір сүреді және көбейеді, ол адамды әртүрлі жұқпалы аурулардан, қатерсіз және қатерлі ісіктерден қорғауға жауап беретін иммундық жүйе жасушаларын (негізінен CD4-оң Т-жасушалар мен макрофагтар – иммундық жүйенің маңызды жасушалық компоненттерін) зақымдайды, АИТВ-инфекциясының асқынған кезеңі жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС).

АИТВ жұғуының негізгі жолдары:

-Парентеральды жол (қан арқылы) – инфекция жұқтырған препараттарды енгізу, стерильденбеген инелер мен шприцтерді қолдану, ластанған қанды құю, гигиеналық процедуралар үшін дезинфекцияланбаған құралдар арқылы жүреді.

-Жыныстық жол – инфекция АҚТҚ жұқтырған адаммен жыныстық қатынас арқылы жүреді

-Вертикалды, немесе құрсақішілік жол – вирус жұқтырған анадан балаға жүктілік, босану, емізу кезінде беріледі.

Жеңімпазды таңдау кезінде бейнероликтің креативтілігі мен өзіндік ерекшелігі ескерілді. Ұсынылған материалдардың ішінде 3405 педиатрия тобы студенттерінің бейнеролигі ең көп дауыс жинады. Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасы баршаңызды 2023 жылдың 29 қарашасында КеАҚ «СМУ» Бас ғимаратының №1 дәрісханасында өтетін АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған олимпиадаға қатысуға шақырады.