Хэллоуин (Halloween) – АҚШ-та Рождестводан кейінгі халық жаппай тойлайтын мереке.Бұл мейрам күзгі өнімді жинау науқанының аяқталғанын және ескі жыл бітіп, жаңа жылдың басталуын білдіретіндіктен, ерекше мәнге ие еді.Біздің елімізде тойланбаса да, студенттірдің қызығушылығын ояту үшін, сол елдің мәдениетінің бір бөлігін көрсету мақсатында Жаңанұр Қамбарқызының “Level up” ұйымы 1315 тобымен бірігіп арнайы іс-шара өткізді.Аталған іс-шараның мақсаты:әртүрлі сұрақтар қою арқылы “Speaking”-сөйлеу дағдыларын дамыту, ойындар ойнату арқылы ағылшын тілін оқуға деген құлшынысын арттыру. Іс-шара барысында студенттеріміз топтарға бөлініп, өздерінің ағылшынша сөздік қорларын пайдаланып, интеллектуалды сұрақтарға жауап беріп белсенділіктерін танытты.Жалпы ойындар медициналық терминдер мен тақырыптарға негізделе отырып жасалды. Студенттеріміздің білімдерін бір тексеріп, өткен тақырыптарды есімізге түсіріп алдық.Сонымен қатар, іс-шарада белсенділік танытқан қатысушыларға тәттілер таратылды.Ең әдемі образдар дауысқа салынып, жеңімпазға сыйлық берілді.