Инсульт-бұл мидың патологиялық жағдайы, ол жүйке жасушаларының қанмен қамтамасыз етілуінің кенеттен бұзылуы және олардың өлуіне байланысты дамиды, жалпы милық және ошақты неврологиялық сиптоматикамен көрініс береді, бұл бір тәуліктен астам уақытқа созылатын немесе науқастың қысқа мерзімде өліміне әкелетін белгілер. Жыл сайын 29-шы қазанда бүкіл әлемде Дүниежүзілік Инсультпен күресу күні атап өтіледі, оны Дүниежүзілік Инсультпен күресу ұйымы 2006 жылы Дүниежүзілік күресте шұғыл белсенді әрекетке шақыру мақсатында белгілеген.
Инсульт соққы деп бекер айтылмаған. Бұл кенеттен және күтпеген жерден болатын ауру. Сонымен қатар, қауіп-қатер тобына барлық адам жатады. Әсіресе, гипертония, аритмия, жүрек жеткіліксіздігі, ұйқыдағы апноэ, жоғары холестерин, қант диабеті бар науқастар тобы. 30-шы қазанда Семей қаласының БСМП инсульт бөлімшесінің базасында инсульт мәселесіне , профилактикалық жұмыстың маңыздылығына назар аудару мақсатында, 1-ші және 2-ші курс резиденттерінің невропатологтарымен уақытылы және дұрыс медициналық көмек көрсету үшін, кардиологиялық және эндокринологиялық бөлімшенің стационарлық пациенттерімен инсульттің алдын алу тақырыбында әңгіме жүргізілді, онда факторлар,аурудың пайда болу қаупі, алғашқы белгілері, алдын-алу шаралары егжей-тегжейлі сипатталды. Соңында пациенттерге инсульттің алдын алу, дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік туралы брошюралар түрінде ақпараттық материал таратылды. Сонымен қатар, алдағы 5-10 жылда қауіп факторларын анықтау және жеке инсульт қаупін бағалау үшін арнайы әзірленген “инсульт қаупін өлшегіш” мобильді қосымшасын орнатуға көмектесті. Ғаламшарда бірде-бір адам аурулардан немесе мезгілсіз өлімнен қорғанылмаған. Бірақ әркімнің қиындықты болдырмауға мүмкіндігі бар. Белсенді өмір салтын ұстаныңыз, жаман әдеттерден бас тартыңыз, өз денсаулығыңызға және айналаңыздағы адамдардың денсаулығына мұқият болыңыз!
«Семей медицина университеті» КеАҚ, неврология резиденттері Амангельдина Н. Е., Әрінқызы Ж., Сарқытова Г.Б., Әкімбаева Т.С.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]