13-20 қарашаға дейін КеАҚ “СМУ” симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасында «Науқаспен тиімді қарым-қатынас дағдылары» пәні бойынша пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға «Жалпы медицина», «Педиатрия» мамандығының 3 курс студенттері қатысты. Олимпиада III турдан тұрды.
I тур: Іріктеу. Қатысушыларға бір дұрыс жауаппен әр түрлі қиындықтағы 10 тест тапсырмасы берілді.
II тур: іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар арасында өткізілді. Қатысушылар пән бойынша практикалық дағдыларын көрсетті.
III тур: қорытынды шығару және олимпиада жеңімпаздарын марапаттау.
Олимпиаданың ашылуына кафедра меңгерушісі, м. ғ. к., Д. А. Мұқанова құттықтау сөз сөйледі. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері: Смагулова Ж.И., Ван О.Т., Мамырханова Г.М. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
I орын – Ahad Ali 3658 топ.
II орын- Тукинова Ғ.Р. 3516 топ, Айтқазина Н. 3516 топ.
III орын – Майдан Ұ.М. 3516 топ, Дәулетбекова Д.Т. 3512 топ, Досаева А.М. 3512 топ.
Жеңімпаздар марапаттау сыйлықтарымен марапатталды. Қалған қатысушылар олимпиадаға қатысқаны туралы сертификаттар алды. Симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасы олимпиаданың барлық қатысушыларына және КеАҚ “СМУ” кәсіподақ комитетіне алғысын білдіреді.
Олимпиаданы ұйымдастырушы – О.Т. Ван.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]