Резиденттерді оқытудың жеке жоспарына сәйкес 2023 жылдың 23 қарашасында Өскемен қаласындағы «СМУ» КеАҚ филиалының ішкі аурулар және ревматология кафедрасының, “Ересектер мен балалар гастроэнтерологиясі ” мамандығының бірінші оқу жылының резиденттері Дүсіпбекова АД және Жанаева АР медициналық колледждің студенттеріне арнап санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізді. Тақырыбы «Энергетикалық сусындар. Миф пен шындық». Кездесуде энергетикалық сусындардың шығу тарихы, құрамы мен ағзаға әсері туралы баяндама жасады. Резиденттер «Гепатология» пәні бойынша академиялық тәлімгер м.ғ.к. Қасқабаева А.Ш. және клиникалық тәлімгер Айтмұхамбетова А.М. практикалық дағдылар алып, энергетикалық сусындарды қабылдаудан туындаған асқазан-ішек жолдарының зақымдануы және олардың асқынулары бар науқастарды бақылаудың практикалық тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ энергетикалық сусындардың басқа органдар мен жүйелерге жанама әсерлері туралы әдеби деректер келтірілген. Оқушыларды энергетикалық сусындардың ағзаға әсері қызықтырды, сұрақтар қойып, мысалдар келтіріп, энергетикалық сусындарды қолдану жағдайларын айтты. Әңгімелесу соңында энергетикалық сусындарды қабылдауға тәуелді студенттерді анықтау және кері байланыс орнату мақсатында сауалнама жүргізілді, студенттер алған ақпаратқа ризашылықтарын білдірді.
Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]