“Стоматология” мамандығының 1315 тобы кураторы Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызымен “Рухани келісім” күніне арналған кураторлық сағат өтті.Бұл күні Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдесіз оқиға- рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен 1992 жылдан бастау алады. Кураторлық сағатта Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі- тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның маңызды қағидасы- азаматтардың діни сезімдерін құрметтеу мақсатында өткізілді.Елбасының игі бастамасы мен елімізде қалыптасқан дінаралық татулық, ұлтаралық келісім – ширек ғасырға татитын тәуелсіз еліміздің жеткен басты жетістіктерінің бірі.Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – тұғырымыз. Кураторымыз айтқандай жаман ұлт болмайды, жаман адам болады сол себепті осы күннің маңыздылығын сонымен қатар елімізде тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерін дінін, салт- дәстүрін , тілін құрметтеу осындай тату береке бірлігі артқан ел болумыздың бірден бір дәлелі екен түсіндірді