22.11.2023ж Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының оқытушылары Абдрахманова Г.Ж., Козубаева Д.Б., Кудайбергенова Н.К. жетекшілігімен 5309 ЖМ, 5104 ЖМ және 2431, 3405 ПЕДИАТРИЯ студенттері арасында «АИТВ-инфекциясының алдын алу» университетішілік олимпиадаға қатысу үшін «ИММУНОЛОГИЯ» пәнінен үздік бейнероликке конкурстық іріктеу кезеңі өткізілді. Жеңімпазды таңдау кезінде бейнероликтің креативтілігі мен өзіндік ерекшелігі ескерілді. Ұсынылған материалдардың ішінде 3405 педиатрия тобы студенттерінің бейнеролигі ең көп дауыс жинады. Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасы баршаңызды 2023 жылдың 29 қарашасында КеАҚ «СМУ» Бас ғимаратының №1 дәрісханасында өтетін АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған олимпиадаға қатысуға шақырады.