Халықаралық қант диабеті күні қарсаңында «МУС» КЕАҚ терапия кафедрасының ассистенттері Сарсебаева Г.С., Рахымжанова А.А. және эндокринология мамандығының 1 курс ординаторлары 2023 жылдың 13 қарашасында Жан-Ер медициналық мекемесінде қант диабетімен ауыратын науқастарға іс-шара өткізді. Халықаралық қант диабетімен күрес күнінің басты мақсаты – халықты осы ауруға, оның пайда болу себептеріне, сондай-ақ белгілеріне үйрету. «Қант диабеті және диета терапиясы» тақырыбында презентация көрсетіліп, 20-дан астам науқаста қандағы глюкоза өлшеніп, кеңестер берілді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]