20-21 қараша 2023 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының Медицина мектебі басшылығымен бірлесе, «Жалпы медицина», «Педиатрия» және «Стоматология» мамандығының 1-2 курс студенттерімен кезекті кездесуі өткізілді.
Аталған кездесудің негізгі мақсаты – университет студенттеріне әскери кафедраға түсудің негізгі ережелері мен жағдайларын жеткізу болды.
Студенттер алдына шыққан әскери кафедра циклінің бастығы запастағы полковник Мамыканов Ринат Толеутаевич, аға оқытушы запастағы полковник Аманов Марат Шамилович және әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смагулов Ардабек Тулеубекович өздерінің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет өткеру тәжірибелерімен бөлісті, қазіргі уақытта Армиядағы жеңілдіктер жайлы (мәселен, медицина қызметінің жас лейтенантының еңбекақысы 300 мың теңгені құрайды және онымен қоса, ай сайын әр отбасы мүшесіне 100 мың теңге компенсация қосылады, жалпы жиыны есептегенде барлығы 7000 мың теңгені құрайды, еңбек демалысы және еңбекке уақытша жарамсыздық қағазы, толық көлемде төленеді, зейнеткерлікке 47 жасында шығады, еңбекақысы сақталына отырып шетел ЖОО оқу мүмкіндігі және тағы басқа да көптеген жеңілдіктер).
Іріктеу конкурсына қатысуға, құжаттарды тапсыру уақытында, жасы 24 жастан аспаған студенттер босатылады.
Әскери кафедрада оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға ниет етуші студент, 2024 жылдың 01 ақпан-01 мамыр аралығында нысан бойынша өтініш жазады және төмендегідей құжаттарды қоса тіркейді:
– Өтініш (әскери кафедраға келіп жазады);
– Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
– Шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік (приписной билет) немесе әскери билет (түпнұсқасы және көшірмесі);
– 3х4 көлемдегі фотосурет – 1шт;
– Сотталуы бар немесе жок болуы жайлы анықтама;
– Спорттық жетістіктері болған жағдайда, растайтын құжаттамасы;
– Мектеп деканымен расталатын, студенттің нақты оқу жөніндегі анықтама;
Іріктеу төрт кезеңде өткізіледі:
I кезең – медициналық куәландыру.
Медициналық куәландырудан өту үшін студенттер әскери кафедрадан рәсімделген Медициналық куәландырудан өту картасын алады және әскери-дәрігерлік комиссиядан өту, әскери-дәрігерлік сараптамадан өту ережелеріне сәйкес, жергілікті Әскери басқарма органдарында, іріктеу өткізілетін жылдың 01 наурыз-31 мамыр аралығында іске асырылады.
Медициналық куәландырудан өтпеген студенттер, әрі қарай өту кезеңдеріне босатылмайды.
II кезең – кәсіптік- психологиялық тестілеу.
Студенттерді кәсіптік-психологиялық тестілеу, ЖОО компьютерлік оқу бөлмелерінде, іріктеу комиссиясымен өткізіледі және мотивация, стресске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейлерін тексеруді қамтиды.
III кезең – дене дайындығын тексеру.
Дене дайындығы – дене шынықтыру бойынша көрсеткіштерді тапсыру нәтижелерімен бағаланады.
IV кезең – конкурстық іріктеу, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің келісімі бойынша, ЖОО басшысымен дайындалып-бекітілген, оқу үлгерімінің рейтингілік баллы есебіне сәйкес жүзеге асырылады.
«Семей медицина университеті» КеАҚ
әскери кафедрасының цикл бастығы
запастағы полковник Р.Мамыканов
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]