Жапонияда (Нагасаки университеті) JICA “Апаттар және радиациялық әсер ету медицинасы” бағдарламасы аясында магистратурада оқуға құжаттарды қабылдау жарияланады. Оқу мерзімі-2 жыл, оқу басталуы-2024 жылдың қазан айы.
Қатысуға «СМУ» КеАҚ соңғы курс студенттері, интерндер, резиденттер, оқытушылар құрамы және АУП өтініш бере алады.
Шәкіртақы конкурсына қатысуға өтінім беру үшін 2023 жылдың 25 желтоқсанына дейін smu.partnership@smu.edu.kz электрондық поштасына байланыс ақпаратын міндетті түрде көрсете отырып, ағылшын тілінде түйіндеме жіберуіңізді сұраймыз.
Өтінім берген үміткерлер университеттің конкурстық комиссиясы деңгейінде сұхбаттасудан өтеді.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша Нагасаки университетінің профессорларымен екінші тур-сұхбаттасу өтеді.
Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) Жапонияның дамуға ресми көмек көрсетудің атқарушы тармағы ретінде Жапония үкіметі толығымен қаржыландыратын екіжақты даму агенттігі болып табылады.
Іріктеу критерийлері:
- Негізгі критерий-ағылшын тілінің жоғары деңгейі
- Жоғары оқу үлгерімі және мотивация.
- IELTS сертификаты Нагасаки университетінің профессорларымен әңгімелесу қорытындысы бойынша сәтті іріктеу жағдайында магистратураға түсу кезінде ғана міндетті.
Қосымша ақпарат алу үшін стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөліміне (306 кабинет) хабарласуыңызды сұраймыз.