Жапонияда (Нагасаки университеті) магистратураға MEXT стипендиялық бағдарламасы аясында «Апаттар және радиациялық әсерлер медицинасы» мамандығы бойынша құжаттарды қабылдау жарияланады. Оқу мерзімі – 2 жыл, оқудың басталуы – 2024 жылдың қазан айы.
Қатысуға «СМУ» КеАҚ соңғы курс студенттері, интерндер, резиденттер, ПОҚ және АУП өтініш бере алады.
Шәкіртақы конкурсына қатысуға өтінім беру үшін 2023 жылдың 10 желтоқсанына дейін smu.partnership@smu.edu.kz электронды поштасына байланыс ақпаратын міндетті түрде көрсете отырып, ағылшын тілінде түйіндеме жіберуіңізді сұраймыз.
Өтінім берген үміткерлер университеттің конкурстық комиссиясы деңгейінде сұхбаттасудан өтеді.
Сұхбаттасу қорытындысы бойынша Нагасаки университетінің профессорларымен екінші тур-сұхбат өтеді.
MEXT – Жапонияның білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігі қаржыландыратын Жапонияның университеттерінде оқығысы келетін шетелдік студенттерге арналған ең танымал халықаралық стипендиялық бағдарламалардың бірі.
Іріктеу критерийлері:
- Негізгі критерий-ағылшын тілінің жоғары деңгейі
- Жоғары оқу үлгерімі және мотивация.
- IELTS сертификаты Нагасаки университетінің профессорларымен әңгімелесу қорытындысы бойынша сәтті іріктеу жағдайында магистратураға түсу кезінде ғана міндетті.
Қосымша ақпарат алу үшін стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөліміне (306 кабинет) хабарласуыңызды сұраймыз.