Қарашаның 24-і күні “Медицина” мамандығы бойынша білім алушы 2312 топ студенттері Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайына бардық. 2 қабаттан тұратын бұл үлкен мұражайдағы Қазақстандағы бай көркемөнер құндылықтарының жинағымен таныстық.
Музейде түрлі бағыттағы 5 мыңнан астам экспонат бар екен. Атап айтсақ, Қазақстан бейнелеу өнері, XVIII ғасыр аяғы және XX ғасыр басындағы орыс өнері, XVI ғасыр аяғы және XX ғасыр басындағы Батыс Еуропа кескіндемесі мен графикасы, XX ғасырдағы Ресей, Орталық Азия, Грузия, Армения, Беларусь өнері.
Әрине, музей экспозициясында қазақстандық авторлардың туындылары ерекше орын алатындығын сездік. Қордағы 5000 – нан астам экспонаттың 2000 – ға жуығы қазақстандық өнер туындылары. Көбіне Ә.Қастеев, С.Калмыков, Шаяхметов, Айтпаев, Сыдыханов, Бәпішев сынды отандық шеберлердің жұмыстары қойылған көрінеді. Жалпы көрген өнер туындылары қызығушылығымызды тудырды. Көрменің соңғы бөлімі біздің атақты жерлестерімізге арналған екен. Біз өзіміздің замандастарымыздың жетістіктеріне риза болдық.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]