ОБЛЫСТЫҚ IT – ФЕСТИВАЛІ

ОБЛЫСТЫҚ IT – ФЕСТИВАЛІ

2023 жылдың 25 қарашасында “Digital Abai” Steam fest облыстық IT – фестиваліне Жалпы медицина ББ 5 курс студенттері Айдосов Жандас, Еркешов Бауыржан қатысып, өздерінің IT жобаларын ұсынды. Фестивальдің мақсаты – өскелең ұрпақты ғылыми – техникалық шығармашылыққа баулу, Абай облысы бойынша оқушылар мен студенттердің үздік IT – шешімдерін анықтау және қолдау, олардың Startup  әзірлемелері үшін инвесторларды іздестіруге жәрдемдесу болды.

Инновациялық IT жобалардың ішінде “PartoLearn” – медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне, акушерлер мен гинекологтарға арналған электрондық жаттықтырушылық партограмма құру, “Pocket GD” – жасанды интеллект алгоритмінің көмегімен жылдам диагностикаға арналған қосымша жасау сияқты жобалар ұсынылды. Яғни  идеяның жаңалығы, болашақта жобаның нәтижелігі, өнімнің проблемаға оң әсері туралы қысқаша талқыланды. Фестивальге қатысушылар бизнес-идеяны қалыптастыру және идеяны монетизациялау бойынша қажетті кеңестер алды.

 

   Жалпы білім беру пәндер кафедрасы[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз