Халықаралық қатысумен ғылыми-тәжірибелік конференция
2023 жылы 20 желтоқсанда Н.Н.Бурденко атындағы Воронеждік мемлекеттік медицина университеті «Қазіргі заманғы дәрігердің коммуникативті мәдениеті: келешегі мен міндеттері» атты халықаралық қатысуымен Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Аралас форматта өткізілген конференцияда ТМД мемлекеттерінен Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан қатысты. Қазақстан Республикасынан «Семей медицина университеті» КеАҚ Жалпы медицина факультетінің 5 курс студенттері 5215 топтан Биғазина Ә.Т, Ризабекова А.Қ,…