«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында
01 желтоқсан 2023 жылы аға оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі А.В.Матыцин «Жалпы медицина» мамандығының 4421 тобында бүкіләлемдік проблема бойынша кураторлық сағат өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты – жас ұрпақ арасында АИТВ/ЖИТС туралы хабардарлықты арттыру, жұқпалы ауру мәселесі, оның берілу жолдары және ең бастысы-алдын алу шаралары туралы барынша ақпарат беру.
Жұқтырған адамдардың денсаулығы мен өміріне ЖИТС ауыр зардаптар әкеледі, бірақ, бірлескен күш-жігермен, ақпараттандырумен және қолдаумен біз бұл аурудың таралуын тоқтата аламыз, сонымен қатар, жұқтырған адамдардың өмірін жақсарта аламыз.
Бұл күрестің жетістігі, әлеуметтік жағдайына қарамастан, әр адамға байланысты болады.
Біздің әрқайсымыз АИТВ-инфекциясымен күресуге өз үлесімізді қоса аламыз.
Сабақ соңында студенттер өз әсерлерімен бөлісті.
«Жалпы медицина» мамандығының 4421 топ студенттері[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]