Медициналық университетке түсу – ондаған мың мектеп түлектерінің арманы. Бірақ олардың бәрі бұл мамандықты таңдағандардан қанша уақыт, қанша еңбек, қанша күш алатынын біле ме? Дәрігердің өмірі қандай және неге ақ халатты абзал жандар бұл мамандықты тастамайды. Бұл туралы Қабылдау комиссиясы мен Medical Foundation бөлімінің қызметкерлері 2023 жылдың 30 қарашасында өздері барған «125 ЖОҒАРЫ МЕКТЕП» студенттерімен әңгімелесті.
Семей медицина университетіне оқуға түсуді жоспарлап отырғаңдар оқушылар кездесу ұйымдастырылғанына риза болды.
Қабылдау комиссиясының және Medical Foundation басшысы Төлеубаева К.С. Семей медицина университетінің артықшылықтары мен жетістіктері, оқу процесі туралы ақпарат берді. Әңгіме барысында оқушыларды әскери дайындық кафедрасы мен жасөспірімдер клубтары туралы ақпарат қатты қызықтырды.
Төлеубаева Қ.С. қабылдау тәртібін және барлық қажетті ақпаратты қайдан табуға болатынын нақты түсіндірді. Оқушылар оқуға қабылдау, мамандықтар жөнінде, студенттердің бірінші курста қандай пәндерді оқытады деген сұрақтар қойды.
Әдіскерлер Ажарова А.Қ. және Кайгельдинова С.А. оқушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, сонымен қатар буклеттер таратты.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]