Клиникалық кафедраларды жоспарлы аралау

Клиникалық кафедраларды жоспарлы аралау

2023 жылдың қараша айынан бастап клиника және дипломнан кейінгі білім беру жөніндегі проректор Д. Берікұлы, дипломнан кейінгі білім беру, түлектерді жұмысқа орналастыру және мансап мектебінің деканы      Ж.А. Мұсабекова және клиника бөлімінің бастығы А.С. Крықпаева клиникалық кафедраларды жоспарлы аралауды жүргізуде.

Клиникалық кафедраларды аралау кезінде білім алушылардың сабаққа қатысуы, оқу бөлмелерін материалдық-техникалық жарақтандыру, UpToDate практикалық медицина бойынша ақпараттық ресурсты пайдалану, сабақтың практикалық бөлігін өткізу, пациенттерге қолжетімділік, кафедра профессорлық оқытушылар құрамының емдік жүктемесінің орындалуын тексеру және клиникалық базаларда   КМАЖ-ға қолжетімділіктің болуы тексерілді. Барлық оқытушылар топтарға барған кезде, сабақтар кесте бойынша өткізілуде, емдеу жұмыстарын “СМУ”КеАҚ клиникалық кафедраларында клиникалық жұмысты ұйымдастыру туралы ережеге сәйкес профессорлық оқытушылар құрамы жүргізеді.

Кафедралардың мәселелері және оларды шешудің мүмкін жолдары талқыланды. Сондай-ақ, 5 қабатында орналасқан №2 Студенттер үйіне және медициналық пункт ,барлық оқу бөлмелерін аралау жүргізілді. №2 Студенттер үйінің кафедралары мен комендантына эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қызылшаның алдын алу бойынша көрнекі материалдар берілді.

Рубрикалар: Қоғамдық өмір