«Жалпы хирургия» мамандығы бойынша резиденттерді дайындаудағы тәлімгерлердің рөлі

«Жалпы хирургия» мамандығы бойынша резиденттерді дайындаудағы тәлімгерлердің рөлі

Медициналық университеттердің негізгі міндеттерінің бірі – «Жалпы хирургия» мамандығын қоса алғанда, резидентура бағдарламасы бойынша білікті дәрігерлерді даярлау.

«Жалпы хирургия» мамандығы бойынша дәрігерлерді даярлаудағы «СМУ» КеАҚ негізгі буыны госпиталды хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасы болып табылады. Кафедрада 2010 жылдан бастап резидентура бағдарламасы бойынша болашақ дәрігерлер – «Жалпы хирургия» кәсіби дайындықтан сәтті өтуде. Резиденттерді кафедраның тәжірибелі қызметкерлері, Семей, Өскемен және Павлодар қалаларының клиникалық базаларының жетекші дәрігер – хирургтары оқытады. Резиденттердің клиникалық тәлімгерлері болып әр жылдары кафедра меңгерушісі, кафедра мен бөлімшенің тәжірибелі жетекші хирургтары  жұмыс істеді

Бүгінгі күнде кафедрада 24 резидент білім алуда: 1-ші оқу жылында – 14, 2-ші оқу жылында – 6, 3-ші оқу жылында – 4 резидент. Оның ішінде «СМУ» КеАҚ УГ госпиталды хирургия базасында – 8, Өскемен қаласындағы Университет филиалының клиникалық базаларында – 10, Павлодар қаласындағы Университет филиалының клиникалық базаларында – 6 резидент білім алуда. Резиденттердің академиялық тәлімгерлері: госпиталды хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Мейірбек Жақсыбекұлы Аймағамбетов; м.ғ.д., кафедра профессоры Толқын Алпысбайұлы Булегенов. Олар сондай-ақ «СМУ» КеАҚ УГ оқитын резиденттердің клиникалық тәлімгерлері болып қызмет жасайды.

Өскемен қаласының клиникалық базаларында резиденттердің клиникалық тәлімгерлері ретінде көптеген жылдар бойы Шығыс Қазақстан Облыстық ауруханасының проктология, абдоминалды және торакалды хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к., профессор Марат Тынықбайұлы Башабаев; Шығыс Қазақстан Облыстық ауруханасының эндовидеохирургия орталығының меңгерушісі Айдын Жуандықұлы Адайханов; Шығыс Қазақстан облысы арнайы мамандандырылған  медициналық орталығының  №1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Еркін Ислямұлы Шериязданов.

Павлодар қаласы бойынша резиденттерге тәлімгерлікпен м.ғ.к., хирургия кафедрасының меңгерушісі Ольга Григорьевна Таштемирова; PhD, ШЖҚ КМК «Г. Султанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» директорының медициналық бөлім бойынша орынбасары Таштемиров Камал Керимханович; «Г. Султанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының» хирургы Светлана Юрьевна Буркунова.

Академиялық тәлімгерлер резиденттермен семинар сабақтарын өткізу кезінде заманауи клиникалық хаттамаларды, ұсыныстарды, жіктеулерді, хирургиялық ауруларды диагностикалау және емдеу әдістерін талқылайды. Резиденттерге күнделікті тәжірибеге диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін енгізуге көмектеседі, клиникалық ойлауды және өзін-өзі жетілдіруге және үздіксіз кәсіптік оқытуға деген ұмтылыстарын арттырады.

Резиденттер кафедраның ғылыми ізденістеріне табысты қатысып, жас ғалымдардың ғылыми конференцияларында бірнеше рет баяндама жасады. Клиникалық тәлімгерлердің жетекшілігімен резиденттер күн сайын науқастарды курациялау, хирургиялық манипуляциялар мен операцияларды орындау, медициналық құжаттарды толтыру, соның ішінде КМИС-те жұмыс істеу бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеруде. Резиденттер кафедра және бөлім меңгерушілерімен бірге жалпы шолуға, клиникалық талдаулар мен консилиумдарға қатысады.

Клиникалық тәлімгерлердің, бөлімше меңгерушілерінің, клиникалық базалардың жетекші хирург – ординаторларының басшылығымен резиденттер палаталарды белсенді жүргізеді, курациялайтын науқастар диагностикасына және еміне  қатысады, жоспарлы және ургентті кезекшілікте болады. Резиденттерді даярлауда дәрігерлік этика мен деонтология қағидаттарын сақтай отырып, адамгершілік тәрбиесіне, науқастармен және әріптестермен қарым-қатынас жасау дағдыларына ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, кафедрада білім, ғылым және клиниканың үш тұғырлығы қағидаттарына сәйкес қалыптасқан тәлімгерлік мектептің арқасында сұранысқа ие білікті хирург – дәрігерлерді даярлау табысты жалғасуда.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқушылар