01 желтоқсан 2023 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының 3516 топ студенттері аға оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.С.Смаиловтың басшылығымен Семей қаласындағы «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» мұражайына саяхат жасады.
Бұл мұражай Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайының бір бөлімі болып саналады.
Бұл Алашқа арналған тұңғыш музей.
Мұражай орналасқан екіқабатты үй ХІХ ғасырдың ІІ жартысында бой көтерген.
Мұражай – қазақ тарихындағы Алаш қозғалысының қилы кезеңдерін, М.Әуезовтың Алаш зиялыларымен байланысын, қарым-қатынасын көрсетуді мақсат еткен.
Алашорда өкіметінің атқарған жұмыстары, баспа бетінде жарық көрген материалдары мен фотосуреттер, сол кезде шыға бастаған басылымдар мен архивтерден алынған деректер жиналған.
Талай Абай шәкірттері, Алаш зиялылары осы үйде жиналып, маңызды мәселелерін талқылап, шешкен екен.
Көрген-түйгенімізді қорытындылай келе, бұл мұражай еліміздің егемендігі үшін күрескен ерлерге қойылған зерде орталығы екен-ау деген ойға келдік.
Қазақ халқының тарихын тереңірек тану мүмкіндігін берген бұл саяхатты ұйымдастырушы медицина қызметінің подполковнигі Н.С.Смаиловқа шексіз алғысымызды білдіреміз.
Жалпы медицина мамандығының 3516 топ студенттері[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]