1 Желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке карсы күрес күні

1 Желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке карсы күрес күні

2023 жылдың 1 желтоқсан күні “СМУ” КЕАҚ Өскемен филиалында деканның орынбасары Айтмұхамбетов Е.Н. және кафедра меңгерушісі Темирханова Р.Б кафедра оқу ісінің меңгерушісі Ахметова С.С. бастауымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған 6-курс интерндерімен кездесу өткізілді. Әңгіме барысында халық пен медицина қызметкерлері арасында аурудың алдын алу тақырыптары талқыланды, сондай-ақ берілу жолдары мен сақтық шаралары қарастырылды.

Бүгінгі таңда ЖИТС жер шарының әр бұрышында белгілі. Оны кең ауқымды эпидемия, 20-шы және 21-ші ғасырларлардың обасы деп атайды және ол адамзатқа шынымен қауіп төндіреді.

АИТВ-инфекциясының таралуынан туындаған ЖИТС эпидемиясы туралы ақпараттындыруды арттыру мақсатында ЖИТС-пен күрес күні белгіленді.

Әр адам өзін және жақындарын уақытылы тестілеуден өтіп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау арқылы қорғай алады және бұл үрдісті жас ұрпаққа үйрете алады. АИТВ-инфекциясын ерте кезеңде анықтау адамға емдеуді уақытында бастауға және белсенді және толыққанды өмір салтын сақтауға мүмкіндік береді.

1 желтоқсан-бұл күнтізбедегі тағы бір маңызды күн ғана емес, сонымен қатар миллиондаған адам осы айықпас аурудан қайтыс болған адамды еске алу күні.

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]