Қазақтың Ұлы ақыны, ұстаз, ағартушы, философ, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлына арналған Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайының Бас Музейі 1940 жылы Семей қаласында Абайдың 95 жылдығына арнап ашылған.
Біз, әскери кафедраның 3516 топ студенттері, әскери кафедраның аға оқытушысы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденұлының басшылығымен, 05 желтоқсан 2023 жылы, осы музейге барып, тамашаладық.
9 залға бөлінген музей Абайдың толық өмірбаяны, шығармалары, еңбектері, өлеңдері және Абай галереясынан тұрады.
Біз Абай Құнанбайұлының пайдаланған құрал-жабдықтары мен жиһаздарының түп нұсқасын көріп қана қоймай, өлеңдерін жаңа технологиялар арқылы тыңдауға мүмкіндік алдық, әсіресе, қара сөздері арқылы берген батасы ерекше сезім берді.
Экскурсия өте жоғары деңгейде өтті, реставрациядан өткен мұражай көздің жауын алады және мәдени, әрі рухани демалыс пен тәрбие береді.
Осындай іс-шараны ұйымдастырған кураторымыз запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденұлына үлкен ризашылығымызды білдіреміз.
Жалпы медицина мамандығының 3516 топ студенттері[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]