«СМУ» КеАҚ-да оқу орнында ұзақ жылдар еңбек етіп, бүгін де өзінің мамандығынан қол үзбеген ардагер ұстаздар мен қызметкерлер университет студенттерімен кездесті. Шараның басында аға буын өкілдері мен жастар қауымы білім ордасының музейінде университеттің құрылған кезінен бастап бүгінге дейінгі тарихын қамтитын бейнематериалды тамашалады. Жүздесу оқу орнымыздың үлкен конференц-залында жалғасты. Шараның бұл бөлігінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, ардагер ұстаз Иванова Раифа Латыфовна, өз уақытында білім ордасының бас ғимаратының салынуына үлес қосқан ақсақал ұстаз Нұрғалиев Бекен Нұрғалиұлы сынды жандар дәрігер мамандығының маңыздылығы жайлы ой толғап, университет тарихымен байланысты естеліктерімен бөлісті. Өз кезегінде оқу орнының түлегі, клиника бөлімінің басшысы Қырықпаева Айнұр Серікқызы аға буын өкілдерінің еңбек жолы мен өмірінің өнегесі мол екенін айта келе студенттерді мамандық бойынша білім алумен шектеліп қалмай қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысуға шақырды. Кездесу соңында ардагер ұстаздарға гүл ұсынылып құрмет көрсетілді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]