Коммуникативті және тәжірбиелік дағдылардың бірлестілігі

Коммуникативті және тәжірбиелік дағдылардың бірлестілігі

Дәрігер мамандығы адамдармен сөйлесу және олармен тығыз қарым-қатынас жасаумен байланысты. Әсіресе қазіргі уақытта науқастармен және олардың жақындарымен сөйлесу үшін этикалық дағдыларды қолдану керек. Барлық медициналық оқу орындарында және жас дәрігерлерге эмпатияны білдіруді дамыту қажет. Науқастармен сенімді қарым-қатынас орнату жоғары сапалы медициналық көмектің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан дәрігердің тәжірибелік және коммуникативті дағыдалары бір-бірімен қатар жүруі тиіс.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып Симуляция және білім беру технологиялары кафедрасында болашақ дәрігерлер үшін тәжірибелік және коммуникативті дағыдаларды біріктіре отырып «Науқаспен тиімді қарым-қатынас дағдылары» деп аталатын пән 3 курс студенттеріне қолданылуда. Бұл пәнде студенттер екі компонентті қолданады яғни, «дәрігер-науқас» өзара әрекеттесуін тиімдірек ету үшін тәжірибелік дағдылармен бірге қарым-қатынас дағдыларын бірге үйренеді. Студенттер науқастың әртүрлі психологиялық күйлері мен этикалық қалауларын ескере отырып, «стандартталған науқас» техникасынмен үйренеді. Бұл пән 2023-2024 оқу жылының басынан бері қолданылып келеді және студенттерден жақсы пікірлер алынуда. Науқастарды емдеу кезінде қарым-қатынас дағдылары емдеудің тиімділігінде үлкен рөл атқарады деп санайды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқу процесі