«Күміс Университеті» жобасы бойынша дәріс

«Күміс Университеті» жобасы бойынша дәріс

Госпиталды хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының өкілдері «Күміс университеті» ұйымымен бірлесіп Семей қаласының егде (зейнеткерлік) жастағы тұрғындарына арналған «Жұмсақ тіндердің іріңді – қабыну аурулары» тақырыбында дәріс өткізді, дәріскер MD.PhD., госпиталды хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының ассистенті М.Ә. Әуенов. Лекция барысында аурудың негізгі себептері, белгілері, диагностикасы және емі түсіндірілді. Сондай-ақ амбулаторлы және стационарлы деңгейде диагностикасы мен емдеудің негізгі кезеңдері түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жақсы кері байланыс болды. Госпиталды хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының өкілдері зейнеткерлерге «СМУ» КеАҚ УГ деңгейінде тегін хирургиялық кеңестермен, хирургиялық тексеру бойынша көмек ұсынды.

Дәріске Т. Бекенова, Л. Матвеева, Н. Холявко, Н. Кучер, К. Тундықбаева, Г. Сабирова және т. б. қатысты.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Категориясыз