2023 жылдың 20 қарашасында терапия кафедрасында кафедра ассистенті Зарина Кенжебекқызының жетекшілігімен 1 курс пульмонология ординаторлары және 4 курс студенттерімен бірге Облыстық мемлекеттік фтизиопульмонологиялық орталық базасында науқастарға дәріс ұйымдастырылды. Дүниежүзілік созылмалы обструктивті өкпе аурулар күніне арналған.
Дүниежүзілік өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жыл сайын қараша айында атап өтіледі. Дүниежүзілік күннің мақсаты – созылмалы обструктивті өкпе ауруы және оның алдын алу шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыру.
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (COPD) әлемде өлімнің үшінші себебі болып табылады. 70 жасқа дейінгі адамдар арасындағы ӨСОА өлімінің 90% дерлік табысы төмен және орташа елдерде орын алады. COPD әлемдегі денсаулықтың нашарлауының жетінші себебі болып табылады (мүгедектікке бейімделген өмір жылдарында өлшенеді). Табысы жоғары елдерде ӨСОА жағдайларының 70%-дан астамы темекі шегумен байланысты. Табысы орташа және төмен елдерде темекі шегу COPD жағдайларының 30-40% -ына жауап береді, ал үй ішіндегі ауаның ластануы жетекші қауіп факторы болып табылады.
Пациенттерге ӨСОА дамуының негізгі себептері, клиникалық көрінісі, диагностикасы, Gold 2023 бойынша емі, алдын алу шаралары түсіндірілді. Ингаляторларды қолдану техникасы егжей-тегжейлі түсіндірілді.
4109 топ студенттері темекі шегудің зияны туралы постер көрсетті, өйткені темекі шегу ӨСОА-ның негізгі себебі болып саналады.
4109 топ студенттері темекі шегудің зияны туралы постер көрсетті, өйткені темекі шегу ӨСОА-ның негізгі себебі болып саналады.
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]