Екпе мәселелері

Екпе мәселелері

20.11.2023 ж. «Хаким» емханасының дәрігерлеріне, сондай-ақ м.ғ.д., профессор А.А.Дюсупованың жетекшілігімен превентивті медицина мектебінің аясында шақырылған ата-аналарға арналған «Екпе мәселелері» атты семинар өткізілді. Қазіргі уақытта Қазақстанда қызылшаға қарсы екпемен басқарылатын инфекцияға қатысты эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Жыл басынан бері бұл дерттің 13 000 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Өкінішке орай, халықтың ең сезімтал топтары – жас балалар. Республикада инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында қосымша иммундау шаралары енгізілді. Осы іс-шара аясында Семей қ. ЖТД кафедрасының қызметкерлері екпеден бас тартқандармен жұмыс жасаудың негізгі тұстарын және екпені сақтауды арттыру мәселелеріне тоқталды.

Рубрикалар: Оқу процесі