Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасында резидент-инфекционистерді даярлау

Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасында резидент-инфекционистерді даярлау

Инфекционист-резиденттерді даярлау Семей, Павлодар, Өскемен қалаларының стационарлары мен емханалары жағдайында клиникалық базаларда жүргізіледі. Резиденттер ҚР ДСМ хаттамаларында баяндалған материалдарды пайдалана отырып, оқу жоспарына сәйкес материалды меңгереді. Басқа мамандықтар  (ЖТД, шұғыл медицина, дерматовенерология) резиденттері де кафедрада жұқпалы аурулар бойынша курстардан өтеді. Резиденттер теориялық және тәжірибелік білімдерін СМУ-нің еңбек сіңірген профессоры Л.А. Муковозовамен, кафедра меңгерушісі, профессор Н.К.Шаймардановпен, Г.И. Нуралинова және Е. М. Смаил доценттерімен жетілдіреді. Науқастарды қарап-тексеруге қатысады, апта сайын клиникалық тәлімгерлердің бақылауымен инфекциялық бөлімде түнгі кезекшілік етеді.

Емдеу жұмыстарынан басқа, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді. Резиденттің жеке оқу жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарланған. Жыл сайын инфекционистердің қысқы мектебінің жұмысына қатысады. Өз нәтижелерін әртүрлі деңгейдегі конференцияларда баяндайды. Жұқпалы ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша алынған білімнің сапасы формативті және суммативті бағалау арқылы бақыланады.

Авторлар: Шаймарданов Н.К., Смаил Е.М., Муковозова Л.А., Нуралинова Г.И.

Рубрикалар: Оқушылар