RBL – резиденттердің ғылыми дағдыларын жоғарылату жолы

RBL – резиденттердің ғылыми дағдыларын жоғарылату жолы

08.12.2023 Ішкі аурлар және ревматология кафедрасында «Нефрология» оқыту бағдарламасының резиденттерімен «Бүйректің шумақтық ауруларының морфологиялық диагностикасы» тақырыбы бойынша кезекті Journal Club отырысы өткізілді.

Дискуссияға Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенті, м.ғ.к., А.С. Ботабаеваның басшылығымен 1-2 курстың резиденттері қатысты. Бірнеше эффективті емдеу схемасымен клиникалық жағдайлар талқыланды. Бүйректің шумақтық ауруларының дифференциалды диагностикасы үшін морфологиялық зерттеулердің маңыздылығына баса назар аударылады.

Ботабаева А.С ауқымды ақпаратты жинақтап, қорытынды жасады. Талқылау барысында барлық материалдарды ортақтап, нақты алгоритмдер құрылды. Осы алгоритмдерді болашақ нефрологтар профессионалды жолдарында қолдана алады.

Journal Club пікірталастың арқасында резиденттер дәлелденген ақпаратты қорытындылау және дифференциалды диагностикасының қолданбалы алгоритмдерін құру тәжірибесіне ие болды.

Ішкі аурлар және ревматология кафедрасы

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі