«Студенттер арасында АИТВ – инфекциясының алдын алу» тақырыбындағы лекция

«Студенттер арасында АИТВ – инфекциясының алдын алу» тақырыбындағы лекция

2023 жылы 6 желтоқсан күні ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасында «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК өкілі Д.Д. Тукееваның қатысуымен «Студенттер арасында АИТВ – инфекциясының алдын алу» тақырыбындағы онлайн лекция өткізілді. Бұған кафедраның ПОҚ: С.О.Рахыжанова,  А.С.Сайдахметова,  Г.М.Токешова,  К.Т. Кусайнова,  А.А.Шакабаева, Б.С.Юсупова және «Медицина», «Педиатрия» оқу бағдарламасы бойынша білім алушы  кураторлық топ студенттері  қатысты.

Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-қа  қарсы күрес күні атап өтіледі.  Бұл күні әлемдегі адамдар АИТВ-мен өмір сүретін және зардап шеккен адамдарға қолдау көрсетіп, ЖИТС-мен байланысты аурулардан қайтыс болғандарды еске алады.

Лекция барысында АИТВ инфекциясының Абай облысы бойынша статистика, берілу жолдары, диагностикасы, емдеу жіне алдын алу шаралары айтылды. Студенттер АИТВ инфекциясы жайлы бірнеше сұрақтар қойып, оларға жан-жақты жауаптар алды.