Академиялық ұтқырлық 401 ОЗ КеАҚ “СМУ”

Академиялық ұтқырлық 401 ОЗ КеАҚ “СМУ”

2023 жылдың 27 қыркүйегі мен 2023 жылдың 14 қазаны аралығында “Семей медицина университеті” КеАҚ «Қоғамдық денсаулық сақтау» бағдарламасының 4 курс студенттері академиялық ұтқырлық аясында “Астана медицина университетіне “ жіберілді. Оқыту шеңберінде Астана қаласында “Санитарлық-эпидемиологиялық станция” аумақтық органдарының базасында «Жетілдірілген эпидемиология 1» пәні бойынша практика өткізілді.

Оқу барысында КеАҚ “Астана медициналық университетінің” студенттерімен қоғамдық өмірге ат саласып, №75 мектеп-гимназиясында «Қызылша ауруына профилактика» тақырыбында дөңгелек үстел форматында шеңберлік сабақ өткізілді.

КеАҚ “АМУ” мұражайын аралап, университеттің тарихымен, кафедралардың қалыптасуы мен дамуымен, университет ардагерлерімен және университет жетістіктерімен таныстырылды.
Сондай-ақ университеттің симуляциялық орталығы мен кітапханасында болып, онда қызметкерлер экскурсия жүргізіп, студенттерді кітап қорымен және университеттің электронды базасымен, симуляциялық жабдықтармен және материалдармен таныстырды.

Осындай мүмкіндік бергені үшін КеАҚ “Семей медициналық университетіне” алғыс білдіреміз!

Рубрикалар: Оқушылар