Жұқпалы аурулар мамандығы бойынша ЖПД интерндерін практикалық даярлау

Жұқпалы аурулар мамандығы бойынша ЖПД интерндерін практикалық даярлау

Жұқпалы аурулар пәні бойынша ЖПД интерндердін практикалық даярлау жағына ерекше көңіл бөлінеді. Цикл кезінде интерндер инфекциялық бөлімшеде әр түрлі инфекциялық патологиясы бар науқастарды қадағалайды. КМИС жүйесінде құжаттармен жұмыс істеп, наукастар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Науқастар арасында жүргізілетін клиникалық талдауларға,  консилиумдерге  клиникалық талдауларға қатысады Диагностикалық зерттеулер үшін биологиялық  материалды алуға көмектеседі. 8 күндік цикл ішінде әр интерн кешкі уақытта 2 кезекшілікті жүзеге асырады. Тәулігіне орта есеппен жедел жәрдем 10-нан 30 науқасқа дейін  қабылдау бөліміне әкеледі. Соларды кезекші дәрігерлермен бірге қабылдайды. Сонымен қатар, цикл кезінде әр оқу тобында диагностикалық күрделі немесе типтік емес  науқастарга  талдау жүргізіледі, клиникалық симпозиум немесе дөңгелек үстел түрінде ,кейде басқа профильдің мамандардың қатысуымен.

Барлық ақпарат Университет сайтында жарияланады.

Жұқпалы аурулар, иммунология және дерматовенерология кафедрасы.

 

Рубрикалар: Оқушылар