Менингококкты инфекцияны алдын-алу туралы семинар

Менингококкты инфекцияны алдын-алу туралы семинар

2023жылдың 12 желтоқсанында Абай облысының орталық жедел жәрдем көмек көрсету станциясының конференц залында менингококкты инфекцияны алдын-алу туралы семинар өткізілді.
Қазіргі уақытта “Ересек адамдардағы инфекционды аурулар” пәнін меңгеріп жатқан ЖДТ оқу бөлімінің 613 топ интерндары егжей-тегжейлі инфекцияның клиникалық формаларын қоса отырып, диагноз қою критерийларына тоқталды.

Спикерлер менингококкты менингит кезіндегі негізгі триада симптомдарын айтты: қызба, бас ауруы, құсу; оң менингиальды симптомдар ( мойын бұлшықеттерінің ригидтілігі және/немесе Керниг, Брудзинский симптомдары (жоғарғы, ортаңғы, төменгі); сананың бұзылуы (ми ісінуінің дамуымен).

Менингококкты менингоэнцефалит дамыған жағдайда: қалтыраумен бірге қызба; сананың бұзылуы (терең ступор, психомоторлы қозу, жиі көру немесе есту галлюцинациялары); конвульсиялар; бас сүйек нервтерінің зақымдануы, кортикальды бұзылулар – психикалық бұзылулар, ішінара немесе толық амнезия, көру және есту галлюцинациялары, эйфория немесе депрессия; тұрақты ошақты церебральды симптомдар (орталық типтегі бет бұлшықеттерінің парезі, сіңір және периостальды рефлекстердің айқын анизорефлексиясы, өткір патологиялық симптомдар, спастикалық геми- және парапарез, сирек – гипер- немесе гипостезиямен паралич, координацияның бұзылуы).

Менингококкты инфекцияға күдік туындаған кезде жедел медициналық жәрдем қызметіндегі дәрігер мен медицина қызметкерінің тактикасы және осы инфекцияның алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Шаймарданов Н.К., Смаил Е.М.

Рубрикалар: Семинарлар