Клиникалық комитеттің отырысы «Абай облысы бойынша патологиялық-анатомиялық қызметтің мәселелері және шешу жолдары»

Клиникалық комитеттің отырысы «Абай облысы бойынша патологиялық-анатомиялық қызметтің мәселелері және шешу жолдары»

2023 жылғы 13 желтоқсанда клиника және дипломнан кейінгі білім беру жөніндегі проректор Д. Берікұлының төрағалығымен клиникалық комитеттің кезекті отырысы өтті, онда Абай облысы бойынша патологиялық-анатомия қызметінің мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды. Абай облысы бойынша патологиялық-анатомия бюросының директоры Б.К. Башеев баяндама жасап, облыстың патологиялық-анатомия қызметі бойынша есеп берді. Талқылауға Абай облысы ДСБ медициналық ұйымдарының өкілдері белсенді қатысты: Ядролық медицина және онкология орталығының директоры Т.И. Белихина, Облыстық фтизиопульмонология және жұқпалы аурулар орталығының бас дәрігері Е.Р. Шакенов, Семей қаласының №1 қалалық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Т. Сәбитов және университетіміздің оқытушылар құрамы м.ғ.д., профессор Ю.В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының меңгерушісі Д.М. Шабдарбаева, профессор Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының оқытушысы А.К. Букатов. Сонымен қатар онлайн форматта zoom платформасы арқылы Абай облысының ДСБ өкілдері қатысты: Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Г.Т. Нұрғалиева, медициналық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімінің бас маманы А.М. Төлеуханова, Семей қ. БСМП директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Алибаева, облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері А.К. Дайрбеков, “СМУ” КеАҚ Университеттік госпиталь директоры Н.Б. Омаров.

Патологиялық анатомиялық қызмет теориялық және практикалық медицинаның морфологиялық негізі бола отырып, денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды орындардың бірін алады. Ол өмір бойы және өлімнен кейінгі диагностиканы жүзеге асырады, дәрігерлердің кәсіби дайындығын жетілдіруге ықпал етеді, медициналық ұйымдардағы емдеу-диагностикалық үрдіске ақпараттық және объективті көзқарасты қамтамасыз етеді. Патологиялық зерттеулердің сапасы осы қызметтерді тұтынушыны барынша қанағаттандыруы керек, сонымен қатар қиын және баяу шешілетін мәселелердің болуы осы қызметтің дамуына кедергісін келтіреді.

Клиникалық комитеттің отырысын клиника және дипломнан кейінгі білім беру жөніндегі проректор Д. Берікұлы аяқтады, ол Абай облысындағы патологиялық-анатомиялық қызметтің мәселелеріне тиісті назар аударуға қаулы етті.

Ұйымдастырушылар: «СМУ» КеАҚ клиника бөлімі және м.ғ.д., профессор Ю.В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасы.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз