16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Еліміздің басты ұлттық мерекесі қарсаңында «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығының 4421 тобында аға оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі А.В.Матыциннің басшылығымен кураторлық сағат өткізілді.

1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, ол өз аумағында толық билікке ие, ішкі және сыртқы саясатын айқындайтын тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет.

Біздің еліміз халықаралық аренада танылған жас, дамушы мемлекет. 120-дан астам мемлекет мемлекетімізді ресми түрде мойындады.

Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі. Олардың ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ, ТМД және т.б.

Тақырып соңында Тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы презентация ұсынылды.

4421 гр. студенттері, жалпы медицина

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір