«Әлемді өзгерткен ғылым» атты дөңгелек үстел

«Әлемді өзгерткен ғылым» атты дөңгелек үстел

2023 жылдың 8 желтоқсан күні Семей қаласының медициналық университетінің бас ғимараты №1 дәрісханасында ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Стоматология» кафедрасының 1-2 курс студенттері арасында «Әлемді өзгерткен ғылым» атты дөңгелек үстел өтті. Кафедраның «Molecular Genetics Researchers» студенттік ғылыми үйірмесіне жауапты Б.Б. Кожахметова тақырыптың негізгі мәселелері бойынша презентация дайындады.

ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі биология ғылымдарының кандидаты, доцент Оразалина А.С. құттықтау сөз сөйлеп, студенттердің ғылыми әлеуетін ашу мүмкіндіктері мен ғылыми жобаларды қалыптастыру және жүзеге асыру ережелері туралы ақпарат берді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: 1-2 курс студенттерін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ұйымдастыруға, әдебиеттерді іздеуге дағдыландыру, шешендік қабілеттерін жетілдіріп, зерттеу нәтижелерін өз бетінше талдау және баяндау дағдыларын дамыту.

ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының СҒҮ төрағасы «Жалпы медицина» ББ 3 курс студенті Саманд Абдулкабир және кафедра СҒҮ төрағасының орынбасары ЖОО СҒҚ мүшесі 3 курс студенті Калелова Малика өз баяндамаларын жасап, «Molecular Genetics Researchers» үйірме мүшелерінің 2 жыл ішінде жеткен жетістіктерін айтып, тыңдармандардың сұрақтарына жауап берді.

Жыл сайын студенттеріміздің ғылыми зерттеулері республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі конференцияларда сертификаттармен және жүлделі дипломдармен марапатталады.

Дөңгелек үстел барысында қазіргі ғылымның өзекті мәселелері мен сұрақтары қарастырылып және кафедрада ғылымды дамыту бойынша маңызды міндеттер қойылды.

Б.Б. Кожахметова ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы