“Алкоголизм, шылым шегу және нашақорлықтың зияны” тақырыбында өткізілген кураторлық сағат

“Алкоголизм, шылым шегу және нашақорлықтың зияны” тақырыбында өткізілген кураторлық сағат

Нашақорлық, алкоголизм және шылым шегу бүгінгі күні өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жаман әдеттердің нәтижесінде өмір сүру ұзақтығы қысқарады, халықтың өлімі артады. Жаман әдеттермен күресудегі негізгі “қару” – бұл ақпарат. Әр адам олардың адам ағзасына тигізетін зияны туралы білуі керек. Студенттер арасындағы профилактикалық жұмыс жүйесі студенттерді ақпараттық қамтамасыз етуге, тақырыптық іс-шараларды өткізуге ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға, студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шаралар кешені ретінде қарастырылады.

2023 жылдың 7 желтоқсанында м.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында куратор К.Т. Сыдықованың жетекшілігімен “Стоматология” мамандығының 208 тобының студенттері “Алкоголизмнің, шылым шегудің және нашақорлықтың зияны” тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – зиянды әдеттердің: шылым шегудің, алкоголизмнің, нашақорлықтың дамуының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу. Студенттер презентация дайындап, алкогольдің, темекінің, есірткінің ағзаға зиянды әсерін нақты көрсететін бейнені көрсетті.

Жаман әдеттермен күресу ушін салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтану және мақсатқа жету қажет. Есіңізде болсын, адам денсаулығы – ең маңызды құндылық!

М.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы К.Т. Сыдықова