“Балалардағы менингококкты инфекциясы” тақырыбындағы семинар

“Балалардағы менингококкты инфекциясы” тақырыбындағы семинар

23.11.2023 жылы Семей қаласының №7 емханасында стационарлық және амбулаториялық деңгейдегі медицина қызметкерлеріне арналған ” Балалардағы менингококкты инфекциясы” тақырыбында семинары өтті. Семинар ҚР ДСМ СЭБ комитеті Абай облысының СЭБ департаменті СЭБ басқармасының ұйымдастыруымен, РММ ҚР ДСМ СЭБ комитеті Абай облысының СЭБ департаменті СЭБ басшысы Д. Б. Тлекина, жұқпалы аурулары кафедрасының қатысуымен ұйымдастырылды. Семинардың тыңдаушылары жедел жәрдем станциясының дәрігерлері мен фельдшерлері, аға дәрігерлер, эпидемиологтар, емханалар мен стационарлардың дәрігерлері болды.

Семинар барысында РММ ҚР ДСМ СЭБ комитеті Абай облысының СЭБ департаменті СЭБ басшысы Д. Б. Тлекина еліміздегі, сондай-ақ Абай облысы және Семей қаласындағы менингококкты инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті Дәлелқанова Т.Д. балалардағы менингококкты инфекциясының этиологиясы, эпидемиологиясы, жіктелуі және клиникасы баяндады. Баяндамашы ажырату диагностикаға, зертханалық тексеруге, терапияға және балалардағы аурудың алдын алуға ерекше назар аударды.

Семинардың қатысушылары сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

 Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы

Жарияланды:
Рубрикалар: Семинарлар