Ересектер, балалар кардиохирургиясы

Ересектер, балалар кардиохирургиясы

“Ересектер, балалар кардиохирургиясы” мамандығы бойынша резидентураның білім беру бағдарламасы 2021 жылдан бастап “Семей медицина университеті” КеАҚ-ға енгізілді.

“Ересектер, балалар кардиохирургиясы” мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының миссиясы диагностика мен емдеудің халықаралық стандарттарын пайдалана отырып, үздіксіз білім беру жолымен ҚР халқының денсаулығын жақсартуға жәрдемдесіп, өз бетінше жұмыс істей алатын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті кардиохирургия мамандары, оның ішінде балалар мамандарын даярлау болып табылады. Білім беру бағдарламасының мақсаты стационар мен амбулатория жағдайында кең таралған кардиохирургиялық аурулары бар пациенттерді өз бетінше толық көлемде курациялауға және емдеуге, сондай-ақ сирек кездесетін кардиохирургиялық бұзылуларды диагностикалауды жүзеге асыруға қабілетті “ересектер, балалар кардиохирургиясы” бейіні бойынша маман даярлау болып табылады. Қазіргі уақытта кафедрада 7 резидент білім алуда: 1- оқу жылы -3, 3- оқу жылы– 4 резидент. Өскемен қаласындағы университет филиалының клиникалық базасында – 3, Павлодар қаласындағы университет филиалының клиникалық базасында – 4. Жүрек-қан тамырлары хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер,  MD Салменбаев Е.А. резиденттердің академиялық тәлімгері міндетін атқаруда.

Өскемен қаласының клиникалық базаларында резиденттердің клиникалық тәлімгерлері Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының кардиохирургия меңгерушісі, М. ғ. к., Е. С. Ботабаев болып табылады. Павлодар облыстық кардиология орталығында жоғары санатты кардиохирург, pHd дәрігер А. М. Әбілтаев тәлімгерлікпен айналысады.

“СМУ” КЕАҚ резидентурада оқу процесінде белгіленген түпкілікті нәтижелерге сәйкес келетін бағалау принциптерін, әдістері мен практикасын пайдаланады.Резидентурада оқытудың күтілетін нәтижелеріне резиденттер толық көлемде қол жеткізеді. Бұл жетістік көптеген тақырыптық пациенттердің және клиникалық тәлімгердің немесе оқытушының тұрақты консультативтік көмегі арқылы жүргізілетін хирургиялық араласулардың арқасында орын алады. Резиденттердің медициналық құжаттаманың барлық түрлеріне еркін қол жеткізуі маңызды.Мұғалімдер мен клиникалық тәлімгерлердің тұрақты кері байланысы резидентке өзінің әлсіз және күшті жақтарын түсінуге және оның потенциалын, дағдыларын және қабілеттерін қалай нығайтуға болатынын бағдарлауға мүмкіндік береді. Олар бұндай кері байланысты күнделікті клиникалық жұмыс кезінде және мерзімді бағалау кезінде алады.

Оқу барысында резиденттер әрбір клиникалық жағдайды жан-жақты қарастыруды үйренеді. Бір жағынан, ол дәрігер – кардиохирург ретінде науқасқа қалай көмектесе алатынын және сонымен бірге басқа мамандарды тарту керектігін түсінеді.Бұл резидентке байланысты мамандықтардың әріптестерімен көбірек байланыста болуға, көпсалалы топта жұмыс істеу арқылы өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді. Тұрақты түрде алынған кері байланысты ескере отырып, резиденттер пациентті басқарудың таңдалған тактикасының сәттілігін түсінуді үйренеді.

Осылайша, білім, ғылым және клиниканың үштұғырлығы қағидаттары бойынша қалыптасқан тәлімгерлік мектебінің арқасында кафедрада сұранысқа ие білікті кардиохирург – дәрігерлерді аярлау табысты жалғасуда аярлау табысты жалғасуда.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар