Халықаралық ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған кураторлық сағат

Халықаралық ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған кураторлық сағат

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні (жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы) дәстүрлі түрде 1 желтоқсанда атап өтіледі. Бұл өлім синдромымен белсенді күресіп жатқан әрбір адам үшін өте маңызды күн. Дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттік, қоғамдық және медициналық ұйымдар бұл күні ақпарат беру және диагностикалық шараларды өткізеді. Бұл жұмыс болашақ ұрпағымыздың саналы болуын және өмір сүруге деген құлшынысын, салауатты өмір салтын қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған.

ЖИТС-ті насихаттау және алдын алу мақсатында 2023 жылдың 4 желтоқсанында м.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында куратор Қ.Т. Сыдыкованың жетекшілігімен  «Стоматология» мамандығының 208 топ студенттері «АИВ-сыз жастар!» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Бұл шараның мақсаты – өскелең ұрпақты жұқпалы ауру мәселесі, оның таралу жолдары және ең бастысы оның алдын алу шаралары туралы барынша ақпараттандыру. Студенттер презентация дайындап, бейнеролик көрсетіп, арнайы төсбелгі – қызыл лента туралы әңгімеледі.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні – жыл сайын бүкіл әлем қауымдастығын осы емделмейтін дертті есте сақтауға ғана емес, сонымен бірге осы дерттің тасымалдаушысы болып табылатындарға төзімділік танытуға шақыратын күн . Ғаламшарда тұратын әрбір адам денсаулық үшін күресте бұл дерттің алдын алудың өте маңызды екенін түсінуі керек.

 

М.ғ.д., профессор С.О.Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Қ.Т.Сыдықова

Жарияланды: