Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күні – еліміздің бас ұлттық мейрам болып табылады. Бұл мейрам жыл сайын 16 желтоқсан күні атап өтіледі.

1991 жылдың 16 желтоқсанында қазақ халқы үшін жаңа өмір басталды, мемлекетіміз соңғы болып ҚСРО құрамынан шығып, өзінің тәуелсіздігін жариялады.

Мереке қарсаңында КеАҚ «Семей медицина университетінің» Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенті Берсимбекова Г.Б. 604 топ дәрігер-интерндерімен дөңгелек үстел өткізді. Дәрігер – интерн Сыбанбаева Дана қызықты мәлімдеме дайындап, іс-шара барысында Қазақстан Республикасының дамуының жаңа жоспарлары талқыланды. Білім алушылар пікірталасқа қызығушылықпен қатысты, Республикамыздың, оның ішінде медицинамыздың одан әрі дамуына арналған жоспарларымен бөлісті.

Қазақстан Республикасы – жас тәуелсіз мемлекет. Дегенмен, осы кезеңде 120-дан астам мемлекет Қазақстанды ресми түрде мойындап, дипломатиялық қатынас орнатқан. Осы кезең аралығында біздің мемлекетіміз қиын сәттерден өтіп, әртүрлі салаларда: саясат, экономика, әлеумет саласы, мәдениет және спорт, медицина саласында жетістіктерге қол жеткізді. Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын! Еліміздің одан әрі өркендеуіне тілектеспіз!

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенті  Берсимбекова Г.Б.

Жарияланды: