Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-терең тарихы бар ел қайтадан егемен ел болған күн, жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. Жыл сайын республика азаматтары арасында елеулі еңбегі үшін мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік салада ерекше қызметімен ерекшеленген Денсаулық сақтау мамандары, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өмірінің басқа да белсенді салаларының өкілдері мемлекеттік наградалармен марапатталады. Ел тәуелсіздігі-Қазақстан тұрғындары үшін ғана емес, шетелдегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызды мереке.                                                                                                                                                                  14.12.2023 ж. стоматология факультетінің 505 тобының студенттері және топ кураторы Құралай Ерғалиқызы Қалиханова Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған” Тәуелсіздік күніне” арналған тәрбие сағатын өткізді. Қ. Рысқұлбеков-тәуелсіз Қазақстанның батырларының бірі. Біздің міндетіміз-кейіпкерлерімізді ұмытпау. Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Жарияланды: