2023 жылдың 12-13 желтоқсанында «СМУ» КеАҚ 70 жылдығына арналған ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының «Қалыпты физиология» және «Медбиофизика» пәндері бойынша “Жалпы медицина” және «Педиатрия» мамандықтарының 2 курс студенттері арасында пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиада 2 турда өтті: 1 тур – тестілеу, 2 тур 2 кезеңнен тұрды: практикалық дағдыларды көрсету және ситуациялық есептерді шешу. Олимпиадаға 20 студент қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша келесі қатысушылар жеңіске жетті.
1 орын – Бекен Ақбота
2 орын – Ғазизова Ләззат
3 орын – Айдархан Айгерім
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!![/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]