Волонтерлік қызмет жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің нақты жолдарының бірі ретінде қарастырылады. Университет деңгейінде волонтерлік студенттер үшін сабақтан тыс жұмыстардың басқа түрлеріне өміршең балама ретінде анықталған. Еріктілікке жастардың қатысуы ерекше маңызды. Бұл жайтты қайырымдылық қоғам мүшелері ғана емес, университет оқытушылары да біртіндеп мойындай бастады.
Волонтерлік қызметтің негізгі стратегиялық мақсаты студенттік ортаны ізгілендіру мәселелерін шешуде, студенттер мен қоғамның күш-жігерін біріктіру және мұқтаж азаматтар санаттарына жан-жақты әлеуметтік-психологиялық көмек пен қолдау көрсету болып табылады.
СМУ КеАҚ Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы студенттерді сабақтан тыс уақытта волонтерлік жұмысқа баулыйды. Кафедра меңгерушісі м.ғ.к. Қасқабаева А.Ш. және тәлімгер профессор Жұмаділова З.К. жетекшіліктерімен гепатология курсын өтуді Өскемен қаласының резидент-гастроэнтеролог дәрігерлері М.М.Кеукенова мен С.Ж.Пайзрахманова 2023 жылдың 13 желтоқсанында алдын ала директор Сыдықова Ш.А келісімімен «Қамқор» қарттар үйіне барды. Барудың негізгі мақсаты – аталмыш мекеменің емделушілерімен кездесу болды. Таныстыру медицина қызметкері С.Ж.Ганиеваның қатысуымен өтіп, қарттар үйінің тұрғындарына резидент дәрігерлер таныстырылды. Жалпы саны 54 адам қаралып, барлығына тексерілуге және емделуге ұсыныстар берілді. Еріктілер денсаулық пен медицинаға қатысты барлық сұрақтарға жауап берді. Тексеруден кейін шынайы әңгіме өрбіді. Барлығын келе жатқан мерекелермен құттықтады. Мекеме басшылығының алғыс сөздерімен оң пікірлер алдық. Кездесуден еріктілер де риза болды. Қарттардың жүздеріндегі күлкі оларға үлкен қуаныш сыйлады. Олардың берген «батасы» көпке дейін жадында сақталады.
Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]