Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!

Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!

2023 жылдың 15 желтоқсанда Симуляциялық және білім беру технологиялар кафедрасының оқытушылары мен кураторлық топтардың 2106, 2430, 3206, 3444, 3443, 3419 қатысуымен ұйымдастырылған «Тәуелсіздік- елімнің ерлік жолы» атты кураторлық сағат өткізілді.

Тәуелсіздік – еліміздің ең ұлық мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік.  Ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған арманына айналып, даналарымыздың үзілмес үміті мен талай батыр, жаужүрек, елін сүйген қайраткерлеріміздің осы жолда жанын пида еткен қастерлі де қасиетті ұғым. Мың жарым жылға жуық халық болып бірігуді, ел болып қалануды аңсаған халықтың арманы 1991 жылы жүзеге асып, тарих бетінде Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті пайда болды. Сол сәттен бастап, Қазақстан әлемдік тарих бетінде Тәуелсіз ел ретіндегі жаңа парақтарын бастады. Бүгінгі Қазақстан өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын елге айналды. Еліміз барлық ұлт пен ұлыстың бейбітшілік ордасы болып, толеранттылықтың ерекше үлгісін көрсете білді.

Кураторлық сағат салтанатты түрде әнұранмен ашылып, Тәуелсіздікте құрбан болған батырларымызды еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздікпен жалғасты. Іс-шара барысында студенттер  Қайрат Рысқұлбековтың ата-анасына жазған «Соңғы хаты»  мен сот залында айтқан «Ақтық сөзі» қойылымын қойды. Мерекелік шара қатысушылардың «Желтоқсан желі ызғарлы» атты әнімен аяқталды.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, баянды, мәңгілік болсын![/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]